Бағдарламаларды тыныш режимде орнату

Бағдарламаны тыныш режимде орнату үшін:

  1. Kaspersky Security Center бағдарламасының басты терезесін ашыңыз.
  2. Консоль ағашының Қашықтан орнату қалтасында, Орнату пакеттері салынған қалтасында қажетті бағдарламаның орнату пакетін таңдаңыз немесе бұл бағдарлама үшін жаңа орнату пакетін жасаңыз.

    Орнату пакеті Басқару серверінде Packages қызметтік қалтасындағы ортақ қатынасы бар қалтада сақталады. Бұл жағдайда, әрбір орнату пакетіне жеке салынған қалта сәйкес келеді.

  3. Қажетті орнату пакетінің қалтасын келесі тәсілдердің бірімен ашыңыз:
    • Қажетті орнату пакетіне сәйкес қалтаны Басқару серверінен клиент құрылғысына көшіріңіз. Содан кейін, клиент құрылғысында көшірілген қалтаны ашыңыз.
    • Клиент құрылғысынан Басқару серверінде қажетті орнату пакетіне сәйкес келетін ортақ қатынасы бар қалтаны ашыңыз.

    Егер ортақ қатынасы бар қалта Microsoft Windows Vista операциялық жүйесі орнатылған құрылғыларда орналасқан болса, Пайдаланушылардың есептік жазбаларын басқару: барлық әкімшілер әкімшінің мақұлдауы режимінде жұмыс істейді параметрі үшін Өшірулі мәнін белгілеу керек (БастауБасқару тақтасыБасқаруЖергілікті қауіпсіздік саясатыҚауіпсіздік параметрлері).

  4. Таңдалған бағдарламаға байланысты келесі әрекеттерді орындаңыз:
    • Kaspersky Anti-Virus for Windows Workstations, Kaspersky Anti-Virus for Windows Servers және Kaspersky Security Center үшін салынған exec қалтасына өтіп, /s кілті бар орындалатын файлды (exe кеңейтімі бар файлды) іске қосыңыз.
    • "Лаборатория Касперского" қалған бағдарламалары үшін /s кілті бар орындалатын файлды (exe кеңейтімі бар файлды) ашық қалтадан іске қосыңыз.

    EULA=1 және PRIVACYPOLICY=1 кілттері бар орындалатын файлды іске қосу, сіз сәйкесінше Лицензиялық келісім мен Құпиялық саясатын толығымен оқып шыққаныңызды, түсінгеніңізді және олардың ережелерін қабылдайтыныңызды білдіреді. Сондай-ақ, сіздің деректеріңіз Құпиялылық саясатында сипатталғандай өңделетінін және жіберілетінін (соның ішінде үшінші елдерге) білесіз. Лицензиялық келісімнің мәтіні және Құпиялылық саясатының мәтіні Kaspersky Security Center жеткізу жиынтығына кіреді. Лицензиялық келісім мен Құпиялылық саясатының ережелерімен келісу, бағдарламаны орнату үшін немесе бағдарламаның алдыңғы нұсқасын жаңарту үшін қажетті шарт болып табылады.

Басына оралу